• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мектеп 04 Қыркүйек, 2023

Қарағанды облысындағы мектептерде алты күндік оқу аптасы енгізілген

273 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының бірқатар мектебінде 7-11 сынып оқушылары дүйсенбіден сенбіге дейін оқиды. Бұл туралы Патриот Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысындағы кей мектептерде 7-11 сынып оқушылары 6 күн оқиды. Бұл екінші ауысымдағы сабақтар кеш аяқталатын білім ошақтарында болады. Ал 1-6 сынып оқушылары бес күн оқиды.

«Балам биыл мектеп бітіреді. ЖОО-ға түсуге дайындалуымыз керек. Сенбіде балам университетке түсу үшін қосымша курстардан өтеді деп жоспарладық. Облыстың білім басқармасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығын неге бұзады?» деген тұрғыда ата-аналар шағымданған.

«Бірінші ауысым сабақтары сағат 8.00-де басталып, 14.05-те аяқталады (7 сабақ). Екінші ауысым 14.45-те басталып, 20.50-де бітеді (7 сабақ). Былтырғы оқу жылында екінші ауысым оқушыларының ата-аналары сабақтың қараңғы түсіп кеткен уақытта аяқталуына наразылықтарын білдіріп, қыс айларында тіпті қиын екенін айтты. Осыған байланысты 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптардың оқу сабақтарын 6 күнге бөлу туралы шешім қабылданды», деп мәлімдеді Қарағанды облысының білім басқармасы.