• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қыркүйек, 2023

Экономикалық саясаттың жаңа моделі

229 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді.

Президент сөз басында айтқандай, мұға­лімдер мен дәрігерлердің еңбек­ақысы өсті. Миллионға жуық ел тұрғы­ны зейнетақы жинағының бір бөлігін пай­да­ланып, тұрғын үй мәселесін шешті. Мұның барлығы рас. Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салу қолға алын­ған. Ауылдық жерде 300-ден астам денсау­лық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы да келер жылдан бастап жүзеге аспақ. Сонымен қатар игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жет­кізді Президент. Мұның барлығы соң­ғы жылдардағы елеулі өзгерістер деу­ге болады.

Енді жаңа Жолдауында Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация ми­нистрлігінің құрылатынын жеткіз­ді. Кейінгі уақытта су тапшылығы жиі көрі­ніс беріп келеді. Бұл – Орталық Азия мемле­кеттеріне ортақ мәселе. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дер­бес мекеме айналысуы қажет деп санаймын», деп жаңа министрлік құруды тапсырды.

Мемлекет басшысының өндірістік жарақат туралы Жолдауда айтуы оның бұл мәселеге назар аударып отырғанын көрсетеді. Өндіріс біздің өңір үшін бірінші кезекте тұр. Сондықтан өндіріс қауіпсіздігі мәселесі облыс үшін маңызды. Президент Үкіметке жыл соңына дейін 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды. «Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек», деп атап өтті.

 

Зара ШАЛАБАЕВА,

Қарағанды облыстық

мәслихатының депутаты