Бүгін, 7 қыркүйекте «Air Astana» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
«ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.