Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 10 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтетін Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчына АҚШ-тан арнайы келіп қолдау көрсетпек. Бұл жөнінде спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Жақында елге барамыз, 10 қыркүйекте жүздесеміз, ұлттық құраманы бәріміз қолдайық», деп жазды белгілі спортшы Instagram парақшасында.