8 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында «Ұлттық Банктің 100 жылдығына» арналған концерт ұйымдастырылды. Аталған шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұландықтар қызметін атқару кезінде жас жігіттің өзін нашар сезініп, есінен танып қалғанын байқады. Қатардағылар Мырзахан Мәкин мен Айдын Сматовтан құралған әскери жасақ дереу ер адамға жақындап, радиостанция бойынша санитарлық нұсқаушы сержант Нұрсұлтан Ноғаевты шақыртады. Содан кейін ол алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдемге қоңырау соғады.
Медицина қызметкерлері келген соң науқас Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
- Ұлттық ұлан жауынгерлері тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпейді. Кейде қала тұрғындарына медициналық көмек те көрсетуге тура келеді. Біз есінен танып қалған адамды байқадық. Ойлануға уақыт болмады - көмектесуге тура келді. Адамның өмірі бәрінен қымбат, - деп бөлісті 6656 әскери бөлімінің медициналық пунктінің фельдшері сержант Нұрсұлтан Тастеміров.