• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қыркүйек, 2023

Жапондар 3D принтер арқылы шағын үйлер сала бастады

533 рет
көрсетілді

Жапонияның  «Serendix»  құрылыс компаниясы 3D принтер арқылы шағын үйлер жасайтын стартап жобасын іске асырды, деп хабарлайды  Egemen.kz   4PDA сайтының ақпаратына сүйеніп.

Көлемі 50 шаршы метр тұрғын үйді жапон құрылысшылары 44 сағат 30 минутта салып, 37 мың АҚШ долларына сатып отыр. 3D технологиясымен бой көтерген Fujitsubo үйде жатын бөлме, ас бөлмесі, ванна, қонақ бөлме бар. Жапонияның денсаулық сақтау стандартына сай салынған үй жас отбасыларға, жалғызбасты жандарға өте қолайлы.  

«Автокөлік өнеркәсібінде 40 жыл бұрын инновациялық процестерді  роботтардың жүзеге асыруы баға төмендетті. Біздің пайымдауымызша, 3D арқылы баспана салу  тұрғын үй саласын толыққанды роботтандырудың бастамасы  болады», дейді Serendix компаниясының өкілдері.

Бүгінгі таңда  компания тұрғын үйлерді екі тәулікке жетер-жетпес уақытта  салуды   бес принтер арқылы жүзеге асырып отыр. Келесі жылы қосымша 12 принтердің күшімен жылына 850 үй салып, сатуды іске асырмақ.