Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Келесі жылы түңлігі түрілетін Париж жазғы Олимпиадасына лицензия берілетін доданы еркін күрес балуандары бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өкінішке қарай бірінші жарыс күнінде кілемге шыққан Дастанбек Өсімжан (61), Санжар Досжанов (70 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі) әлем чемпионатын алғашқы айналымнан аяқтады.
86 келі салмақ дәрежесінде күрескен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков жарптылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы америкалық Дэвид Тэйлорға есе жіберді.
Былтырғы әлем чемпионатының жартылай финалында да Азамат осы Тэйлордан өте алмаған еді. Енді ол жұбаныш белдесуінде қола медель үшін күреседі.