• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қыркүйек, 2023

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

1464 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам көз жұмды, оның төртеуі кәмелет жасқа толмаған бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болған. Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысқан.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.

Сондай-ақ полиция қызметкері жол жүрген кезде барлық ережелерді сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрады.