• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2023

Алматы облысында 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

175 рет
көрсетілді

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтады. Бүгінгі күнге дейін 15 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда әлі 56 мың гектар жер бойынша сот процесі жүріп жатыр. Іле ауданындағы кәсіпкерлік нысандарына инфрақұрылым тарту бойынша да жерлер заңсыз берілген.

«Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімдерімен Іле ауданында 11 020,808 гектар жер телімі және жалпы көлемі 4920 гектар 14 ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Мысалы, көлемі 2 мың га болатын жер бір ғана адамға тиесілі болған, ол жер кері  қайтарылды», деп хабарлады Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Агенттік мыңдаған гектар жерді алып алса да, бірде бір малы жоқ «қожалықтарды» да анықтаған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Балқаш ауданының өзінде 1 700 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер анықталып, мемлекет меншігіне өтті. Жер иеленуші 23 адамның  жайылымдық жерлерінде  мал басы жоқ болып шыққан. Қазіргі сәтте Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің бастамасы арқылы Жамбыл ауданы жердің иелерімен соттасып жатыр.

Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданында жалпы көлемі 327 га болатын 5 ауыл шаруашылығы жер телімі, Қарасай ауданында жалпы көлемі 360,0 га 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, Кеген ауданында жалпы көлемі 269,0 гектар 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Қонаев қаласында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулыларымен жалпы көлемі 183,6 гектарды құрайтын 3 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау нәтижесінде Алматы облысының Жамбыл ауданында 55 644 гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жайылымдары анықталды.