21 қыркүйек – Арменияның тәуелсіздік алған күні. Бүгін Таулы Қарабахтағы армияның өкілдері Әзербайжанның Евлах қаласына капитуляцияға қол қоюға келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
PARANOIA.kz телеграм арнасы хабарлағандай, 19 қыркүйекте Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Таулы Қарабах аймағында «антитерроистік операция» басталғанын мәлім еткен.
Екі күнге созылған қарулы қақтығыста адам шығыны болды. «Конституциялық тәртіпті қалпына келтіреміз» деген Әзербайжан тарапы әуе дабылын іске қосып, «антитеррорлық операцияны» орындады.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев аумақ тұтастығын қалпына келтіру мақсатында жүргізілген антитеррор операциясы кезінде мерт болғандар мен жараланған сарбаздар бар екенін айтты.