Ақмола облысының полицейлері құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеп шығаратын жасырын цехтың көзін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақмола облысында 50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндірісті жүргізген. Полиция қызметкерлері ұсақтау аппараты мен басқа да жабдықтарды ақмолалықтың тұрғылықты жерінен тапты. Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр», делінген хабарламада.