• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қыркүйек, 2023

Өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты

238 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ТМД Экономикалық кеңесінің 99-отырысына қатысты.

Отырыста атап өтілгендей, ТМД интеграциялық байланыстарды тереңдету және елдеріміз арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты қолдау үшін тиімді платформа ретінде әрекет етуді жалғас­тырып келеді.

Негізгі бағыттардың бірі – елдердің сауда-экономикалық байланыстарын кедергісіз нығайту.

Достастық елдерінің көлемді әрі дамып келе жатқан нарығы, минералды-шикізат ресурстарының үлкен қорлары, қатысушы мемлекеттердің экономикалық өзара то­лық­тырылуы, елеулі ғылыми-техни­калық әлеуеті және көлік жолдары­ның болуы өңірдегі көпжоспарлы интеграция үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

ТМД шеңберіндегі транзиттік әлеует – елдердің экономикасына оң әсер ететін және оны инвестициялар үшін тартымды ететін негізгі стратегиялық ресурстардың бірі.

Достастық елдерінің аумағындағы өзара тиімді іс-қимылға көбінесе ТМД-ның еркін сауда келісімін және қызметтердің еркін саудасы туралы келісімді іске асыру ықпал етеді.

2023 жылдың бірінші жартыжыл­дығының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің тауар айналымы 20,6 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (19,8 млрд доллар) 4,4%-ға жоғары. 2023 жылғы қаңтар-шіл­деде Қазақстаннан ТМД елдеріне эк­спорт 19,4%-ға өсіп, 9,2 млрд долларға жетті.

Отырыстың қатысушылары экономи­калық өзара іс-қимылдың өзекті мәсе­ле­лері бойынша пікір алмасты, өткен бес жылдағы ТМД-ның салалық ынты­мақ­тастық органдары қызметінің экономи­ка саласындағы нәтижелерін қара­ды, 2019-2022 жылдардағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнін­дегі үкіметаралық кеңес қызметінің нәтижелерін және басқа да мәселелерді талқылады.