• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Дзюдодан алтын медаль бұйыра ма?

633 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен балуандарымыз сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан  Бахрейн  балуанын ұтып,  ширек финалға өтті. Сонымен қатар аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай, ширек финалға жеткенімен өзбек балуанына есе жіберді. 90 келі салмақта Дидар Хамза алғашқы айналымда Иран балуанын жықты.  

Дзюдо күресінен жазғы Азия ойындарында балуандарымыз әзірге екі  рет чемпион атанды. Елдос Сметов 60 келіде 2014 жылы Оңтүстік Корея елі өткізген жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Дидар Хамза 2018 жылы Индонезия елі ұйымдастырған жазғы Азия ойындарында 81 келі салмақта топ жарды.