• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қыркүйек, 2023

Азиада-2023: Қазақстан спортшыларының алғашқы легі елге оралды

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай елінің Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы Алматыға ұшып келді. Алғашқы лектің арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.

Еске салайык, 23 қыркүйекте басталған Азия ойындарына спорттың 30 түрінен 524 Қазақстан (262 ер, 262 әйел) спортшысы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар