• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Қыркүйек, 2023

Бағыты айқын бетбұрыс

107 рет
көрсетілді

Жастар – ел болашағы. Осы орайда елімізде өскелең ұрпақтың игілігіне жасалып жатқан іс-шаралар көңіл қуантады.

Жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамтыған, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өміріне әсер ететін біршама жаңа­шыл­дықты сезіндік. Өйткені Мемлекет басшысы ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын да ұсын­ды. Президент Жолдауда ең төменгі ай­лық­тың 85 мың теңгеге өсетінін хабарлап, азық-түлік бағасын ерекше қадағалауды тапсырды. Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңыз­ды қадамдардың бірі.

Дені сау, білімді ұрпақ – мемлекеттің қазынасы мен жарқын келешегінің кепілі. «Жайлы мектеп» секілді игі бағдарламалар елдің болашағына зор үлес қосатын, мықты әрі білімді жастарды даярлайтын орта болатынына сенімдімін. Бұл – болашағымыздың жарқын кепілі. Сондықтан да бұқаралық спорт пен ғылымды дамыту туралы ойлары да халықтың көңілінен шығатынына сенім мол.

Сонымен қатар Президент ел азаматтарын, атап айтқанда, жастарды Отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, тоғышарлықтан арылып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

 

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,

Маңғыстау облыстық

мәслихатының депутаты