• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауыл 30 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда ауыл шаруашылық техникасын жаңартуға 20 млрд теңге бөлінеді

257 рет
көрсетілді

Жасыл даму баспасөз орталығының мәлімдеуінше, Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды. Бөлінген қаражатқа шаруалар 500-ден астам техниканы лизингке алады. Оның ішінде 80-нен астам комбайн, 450 трактор алынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың тамызында еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке берудің жаңа бағдарламасы іске қосылған еді. Былтыр ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға 30 миллиард теңге бөлінді.

«Жасыл даму» АҚ қолдауымен 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға 30 млрд теңге бөлініп, оған 1144-ке жуық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Кезекті қарыз алушыларды қаржыландыру револьверлік тәсілмен жүргізіледі. Яғни қайтарылған қаражат қайтадан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг алушыларды қаржыландыруға пайдаланылады.