• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Пікір 04 Қазан, 2023

Мерейтойлық мәнді басқосу

243 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдарында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік бірегей моделі құрылды. Бұл жол бүкіл әлемге «Қазақстан жолы» ретінде танылды. Бірегей тәжірибе жаһандық деңгейде сұранысқа ие болды, сондықтан Астана әлемдік қоғамдастықтың діни көшбасшыларының кездесу орны мен диалог алаңына айналды.

Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастамасы әлемдік қоғамдастықта үлкен қызығушылық тудырды. Бұл идеяға Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Мысыр сияқты алпауыт елдердің басшылары, бе­делді саясаткерлер және көптеген діни конфессия лидерлері қолдау білдірді. Съездің үлкен жетістігі Қазақ­стан бүкіл әлем алдында шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткізген ел ретінде өзін көрсетті.

2003 жылдан 2022 жылға дейін Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жеті съезіне ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және басқа да дәстүрлі діндердің басшылары мен дін өкілдері қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып кеткендей: «Бұл біз­дің баға жетпес байлығымыз және ажырамас артықшылығымыз деп санаймыз. Съезді өткізу біздің елі­мізде де, бүкіл әлемде де диалог пен ынты­мақтастықты нығайтуға ба­ғытталған Қазақстан саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі күрделі кезеңде діни лидерлер бір үстелде отырып, барлық әлемге кез келген келіспеушіліктерді же­ңетін ізгі ниеттің үлгісін көрсетуі өте маңызды». Дінаралық диалог және ортақ бағдарларды іздеу кон­­­­тексіндегі барлық тұжырым­да­малық идеялар бірінші конгресте қабылданды.

Биыл қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 20 жылдығы атап өтілмек. Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтің жетекшілігімен съезд хатшылығының XXI мерей­тойлық отырысы өтеді. Хат­шы­лық діндер, мәдениеттер пен өрке­ниеттердің арасындағы диалогті дамытуға бағытталған. Бұл мерейтой арқылы еліміз толеранттылықты, дінаралық диалог пен бейбітшілікті негізгі нысанға ала отырып, ел ордасы Астана қаласына келетін барлық дін өкілдерін қуана қарсы алмақ.

 

Есет БАЙКЕН,

Астана қаласы әкімінің орынбасары