Республикалық педагогтер съезі алғаш рет Үкімет қаулысымен бекітілген – Мұғалімдер күніне орай 5 қазанда өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстанның оқу-ағарту саласы қызметкерлері мен ғалымдарының съезі алғаш рет 1924 жылы өтіп, оған көрнекті мемлекет қайраткерлері, «Алаш» партиясының жетекшілері қатысқан.
Тәуелсіздік жылдарында мұғалімдер съезі 1998 және 2005 жылдары өткізілген.
Съезде білім берудің өзекті мәселелері қаралады, озық тәжірибелер бөлісіледі.
Аталған съезде орта білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек. Бұл күні үздік педагогтерді марапаттау рәсімі де өтеді.