• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 05 Қазан, 2023

Педагогика саласына түбегейлі жаңа көзқарас қажет - Президент

294 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді. Ал мектептің қандай болмағы ұстазға байланысты. Бүгінде педагогика саласы ғылымның ең маңызды тармағының біріне айналды. Сондықтан, бұл салаға түбегейлі жаңа көзқарас қажет. Заманауи технологияның көмегімен білім беру жүйесін жедел әрі тиімді жаңғыртуға болады. Біз білім саласын ең үздік халықаралық стандарттарға сай дамытуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң ол мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беріп жатқанын айтты.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады» дейді. Мұғалімдердің қажырлы еңбегі және оқушылардың дарыны мен талабы нақты жемісін беріп жатыр. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш. Осының бәрі – сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасы. Мен түрлі қиындыққа қарамастан, міндетін адал атқарып келе жатқан барша ұстаздарға зор алғысымды айтамын», деді Президент.