• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қазан, 2023

Алматы маңында жер сілкінді

243 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні сағат 00.43-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 42.00° с.е. 79.93° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша тербелістің сезілуі туралы мәлімет түспеген.

Зақымдалған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты.