Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының командалық сайысында Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова ел намысын қорғап, жалпы 317.100 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.