• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2023

Қолаға көмген Азиада

416 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Қазақ елінен төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын құрлық додасына 524  (262 ер, 262 әйел) спортшы қатысты.  Жалпы есепте 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль олжалап, 11-сатыға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біздің спортшылар жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. Бұған дейін медальдар жиынтығында  бестіктен көрінген спортшыларымыздың соңғы кездері жетістігі құлдырады. Соңғы рет 2018 жылы Индонезия елі өткізген жазғы Азия ойындарында 15 алтын,  17 күміс, 44 қола медаль еншілеп, командалық есепте 9-сатыға тұрақтаған еді. Бұл жолғы  жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз қола жүлдені көбірек олжалады.