• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2023

«Марс пейзаждары» мәресіне жетті

293 рет
көрсетілді

National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының ұйымдастыруымен 7 қазанда Ақтаудан басталған  «Марс пейзаждары» атты екінші экспедиция өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының туризм басқармасының қолдауымен жүзеге асқан жеті күндік фотосапардың негізгі діттегені Маңғыстау өлкесінің көз тартар табиғаты мен бірегей ландшафтын жан-жақты көрсететін фотоматериалдар дайындау, туристердің назарын аударту болды және бұл мақсаттарға толығымен қол жеткізілді.

Құрамына National Geographic Qazaqstan журналының өкілдері, отандық кәсіби фотографтар мен видеографтар, сондай-ақ танымал актер, трэвэл блогер Дәурен Айдарқұлов кірген экспедициялық топ Маңғыстау өлкесіндегі Айракты-Шоманай тауы, Жығылған мүйісі, Тұзбайыр соры секілді туристік нысандармен қатар, Шақпақ ата, Шопан ата сынды Маңғыстаудың киелі орындарына ат басын тіреп, фототүсірілімдер жасады.

Нұржауған МҰҚАНОВА