«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақтау қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Осы жылдың 27-28 қыркүйегінде Ақтау қаласындағы «Звезда Актау» бизнес орталығының мәжіліс залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ және т.б мамандары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы және медиация маманы Оразбаева Ширин Иранбековна семинар оқыды.
Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбында аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.
Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.
Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.
Оразбаева Ширин Иранбековна «Управление конфликтами» тақырыбында кездесіп, мамандардарға дұрыс сөздік қатынастың даулы, жанжалды мәселелерді шешудің, достық қатынас пен ынтымақтастық орнатудың нәтижелі құралы екенін түсіндірді. Келесі кезекте, «Эффективные переговоры» тақырыбында семинар оқып, келіссөздерге дайындалу алғышарттарын, ережелерін, жүргізу жүйесін айтып өтті.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.