• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қазан, 2023

Қарқаралыда мас жүргізуші жасөспірімді қағып кетті

204 рет
көрсетілді

Қарқаралыда мас жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сағат 19:00 шамасында Қарқаралы көшелерінің бірінде болған. Бұл туралы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөліміне хабарланған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, мән-жайды анықтаған. Белгілі болғандай, жүргізуші жол ережесін бұзып, 17 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен.

Түрлі ауырлықтағы жарақат алған жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды. Полицейлер апатқа кінәлі 40 жастағы азаматты ұстады. Сараптама көрсеткендей, ер адамдар көлік тізгініне отырмай тұрып ішімдік ішкен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын мас күйде басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» және «Жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.