• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қазан, 2023

Газа секторындағы атыстан Қазақстан азаматы қаза тапты

312 рет
көрсетілді

Газа секторында атыс  салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматы болған, оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды», делінген хабарламада.

Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыт бойы некеде тұрған.

Айта кетейік, Израильде шамамен 400-ден астам Қазақстан азаматы тұрады, олардың 118-і отанына қайтқысы келген. Қазір Газа секторында Қазақстан Республикасының азаматтары бар 25 отбасы тұрады.

Соңғы жаңалықтар