• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қазан, 2023

Қазақ балуандарына 2 күміс, 3 қола медаль бұйырды

162 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия Пара ойындарында балуандарымыз 5 медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

90 келіге дейінгі салмақта күрескен  Жанбота Аманжол (J2) пара дзюдодан күміс медаль алды.  Финалдық белдесуде  Оңтүстік  Корея балуаны Ли Джунгтен жеңілді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде  Ерлан Өтепов те финалда сүрініп,  моңғол спортшысы  Ганбат  Даштсеранға есе жіберді.   

J2 санаты бойынша 90 келі салмақта күрескен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлде үшін өткен тартысты белдесуде өзбек  балуанынан басым түсті.

90 келіден жоғары салмақта  Ерлан Қоңқиев қытайлық қарсыласын 10:0 есебімен айқын ұтып, жазғы Азия Пара ойындарының қола  жүлдесін еншілесе,   осы салмақта күрескен тағы бір отандасымыз  Талғат Әжғалиевке де қола медаль бұйырды.