• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қазан, 2023

Қазақстанда киіктерді аулау мерзімі нақтыланды

222 рет
көрсетілді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылып отыр. Қоғамдық пікір 9 қарашаға дейін қолжетімді болады.

Қыркүйек айында киіктер реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Билік 6 қазаннан бастап 200 мың басты ұстауға рұқсат берген. Кейінірек Экология министрлігі киіктерді атуға болатынын хабарлаған еді.