• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейді

359 рет
көрсетілді

Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында «АрселорМиттал Теміртау» шетелдіктерге берілмейтінін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік желілерде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ», деп жазды Руслан Желдібай.   Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Соңғы деректер бойынша Костенко атындағы шахтада қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.