Қазақстанда аза тұту күні жариялануына байланысты «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры 29 қазанда Түркістанда өтуі тиіс Turkistan Marathon 2023 өтпейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Біз осы қайғылы қазаға ортақпыз. Бұл көптеген қатысушылардың көңілін қалдыратынын түсінеміз, бірақ түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», деп түсіндірді аталған корпоративтік қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Марафонға қатысу үшін берілген барлық қаражат қайтарылады. Толық ақпарат аталған корпоративтік қордың ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Айта кетейік, марафонға 17 елден 3000 адам қатысуы керек еді.