Астанада бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Қазақстан спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан мәлім болғандай, 57 келі салмақ дәрежесіндегі Ұлжан Сәрсенбек тартысқа толы жекпе-жекте Үндістан боксшысын ұтты.
Енді бұрымды боксшымыз финалда жұдырықтасады.