• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Көрме 30 Қазан, 2023

Аңызға айналған іздер

198 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде көрнекті қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаевтың «izder iv: Періште ізі» атты топтық көрмесі ашылды.

Қазіргі Қазақ бейнелеу өне­ріндегі өрнегі ерек, бедері анық, ай­ту­лы кес­кіндемешілердің бірі Жұ­мақын Қайрамбаевтың ұлт­тық на­қышқа бай туындыла­ры сюжетінің қарапайымды­лы­ғы­мен, сыршылдығымен, шы­найы­­лығы­мен бірден баурап әкетеді. Ол ас­­қақ тауларды, сайын даланы немесе ғажайып құ­былысқа толы табиғатты бейнелесе де өз бо­йындағы адалдығы, тазалығы шы­ғар­маларынан кө­рініп тұрады.

Көрмеге суретшінің жұмыс­тары ғана емес, сонымен бірге оның шә­­кірттерінің шығармалары да қойылды. Әр туынды – терең фи­ло­софиялық мазмұнымен, бояу­­ларының қанықтығымен, ақ кенепке төгіліп түскен көр­кем­ді­гімен жұртшылықтың қызы­ғу­шы­лы­ғын туғызды. Әсіресе көр­меде қазақ үшін киелі саналған жылқы бейнесі кең қамтылған. Жұ­мақын ағамыз көп жылдан бері Ал­ма­тыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер ака­демиясының профессоры. Оның тәлім-тәр­биесін алып, дәрісін тың­даған шәкірттерінің алды әлемге танылды. Сондықтан бұл көрме – суретшінің шәкірттерімен бірге қолға алған төртінші жобасы. «Періште ізі» деген атауының өзі ерекше мәнге ие.

Мәдени іс-шараның ашылуын­да Еуразиялық дизайнерлер ода­ғының төрағасы, профессор Ер­мек Асылханов Астана ха­лық­­аралық университеті дизайн факуль­те­тінің деканы Саят Ыбырай сөз алып, қылқалам ше­берінің шығар­машы­лығы тура­лы ма­ғыналы сөз қозғап, ме­­рей­­той иесіне ізгі лебіздерін біл­дір­ді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан қыл­­қалам шеберінің ұлттық бейне­леу өнерінде орны бөлек екеніне тоқталды.

«Алатаудың етегіндегі ала­қандай ауылда туып, қазақ бей­нелеу өнерінің биігіне көте­рілген тұлғаны осы өнердің клас­сигі деп айтуға болады. Оның кар­тиналарының бар­лығы жақ­сы­дан өнеге алуға бағыт­талған пәл­сапалық эсселерден тұрады. Жұ­мақын аға дәс­түрлі өнер мұ­раларын бүгінгі кескіндеме мүм­кіндіктерімен қатар меңгерген шебер. Туын­дыларының басым көпшілігі патриот­тық сезімді оятатын тылсым күшке ие» деп, інілік ілтипатын жеткізді.

Жұмақын Қайрамбаев – Санкт-Пе­тербургтегі И.Е.Репин атын­да­ғы мемлекеттік ака­де­мия­­лық кескіндеме, мүсін және сәулет инсти­тутын бі­тір­­ген. Осында оқып жүр­генде атақ­­ты Эрмитаж му­зейін­дегі Рем­брандт­­­тың атақты «Да­ная» туын­ды­сы­ның көшірмесін жа­саған. Бұл кө­шірме сурет инс­титут қорында қа­лып, кейін Эр­­митажда тұрған түпнұсқа «Да­­наяға» біреу сілті ша­шып зақым келтіргенде, кәсіби қай­та жаңғыртушылар ұлы туын­дыны қалпына келтіру үшін инс­титуттың қорында сақтаулы тұр­­ған қазақ суретшісінің кө­шір­­ме еңбегін пайдаланған. Бұл жағдайдан оқыр­мандардың көп­шілігі таныс болмауы мүмкін. Осы­дан-ақ Қайрамбаевтың еш­кімге ұқсамайтын бөлек қол­таңбасы бар екенін танисыз.

Іс-шара соңында көрнекті суретші шығармашылығы туралы аз-кем сөз қозғап, көрмеге келген қа­уымға риза­шылығын білдірді.