• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Қазан, 2023

«Торпедоның» бағы жанған күн

150 рет
көрсетілді

29 қазан күні «Барыс» өз мұзайдынында Нижний Новгородтың командасы «Торпедоны» қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Кездесу Қарағанды облысында қаза болған шахтерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Ойынның алғашқы кезеңі торпедо­лықтардың басымдығымен өтті. Алма-кезек шабуылдардың бірінде қонақтар сапынан Владислав Фирстовтың қанжығасы майланып, 15:34 секундта есеп ашты. Екінші кезеңде 6 500-ден аса жанкүйердің салы суға кетті. Себебі ойынның 26:40 секундын­да Егор Виноградов барыстықтардың қақпасынан саңылау тапты – 0:2.

Тек үшінші кезеңде ғана Батырлан Мұ­ратов (43:49 секунд) таразы басын қысқартып, үміт сыйлаған еді. Алайда одан кейін Ғалым Мәм­беталиев шәкірттері тағы да қарсыластар қақ­пасына шайба соғуға шамасы жетпеді. Қоры­тынды есеп 1:2, қонақтардың пайдасына шешілді.