Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Теннисшіміз алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 354-орында тұрған америкалық Тай-Сон Квятковскиймен өткізді. Аса тартысты өткен матчта Б.Жұқаев 4:6, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.2 сағат 38 минутқа созылған матч барысында жерлесіміз 22 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Ал Т.Квятковски 15 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.Б.Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 174-ші, жарыстың 6-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтон немесе рейтингте 517-сатыдағы испаниялық Иньяки Монтес де ла Торренің қай жеңгенімен таласады.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Париж мастерс турнирінде Александр Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді.