Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Аса ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 11-орынға сырғыды. Бұл салмақтағы әлемнің «Супер чемпионы» – украиналық боксшы Александр Усик.
Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 10-нан 9-орынға көтерілді. Осы салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.
Бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев 14-орнын сақтап қалды. Бұл салмақ бойынша WBA-ның әлем чемпионы атағы әзірге бос.
Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Заурбек бір орынға төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Көштің басын АҚШ боксшысы Ламонт Роуч ешкімге берер емес.
Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов үздік төрттікті түйіндеп тұр. Аталған салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы – филиппиндік Марлон Тапалес.