• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2023

Қазақ саны 2009 жылдан бері 33,7%-ға көбейді

298 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақты жариялап, тұрғындардың жасы бойынша да мәліметтерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюроның ресми сайтындағы  Ұлттық санақтар бөлімінде жарияланған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша екінші тақырыптық жинақта құнды деректер берілген. Қазақстанда қазақ халқының өсу қарқыны 2009-2021 жылдар аралығында 33,7%-ға көбейген. Елімізде 2009 жылғы санақ қорытындысында 1 жасқа дейінгі ұлты қазақ балаларының  саны 254 420 болса, 2021 жылы 349 837-ге жеткен.  2009 жылғы халық санағында 1-4 жас аралығында бала саны 827 670 болған, 2021 жылғы көрсеткіш – 1 241 160 бала. 12 жылдың ішінде 5-9 жас арасындағы жеткіншектердің де қатары көбейген. 2009 жылы өткізілген халық санағында ел тұрғындарының ішіндегі 5 пен 9 жас аралығындағы балалардың саны 816 641 деп көрсетілген. 2021 жылы бұл жас аралығындағылардың қатары артып  1 506 964 адамға жетті. 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдерде де өсу динамикасы байқалады. 2009 жылға дейін осы жас аралығындағы балалардың саны  877 614-ке жетсе, 2021 жылғы санақта 1 399 146 адамға артты. Тек 15-19 жас аралығындағы жасөспірім, жастардың ғана көрсеткіші төмендеген. 2009 жылы 19 жастан асқақандар мен 19 жасқа дейінгі жастардың қатары 1 100 323 адамға жетсе, 2021 жылы 958 340-қа төмендеген.