Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Командалық әлем чемпионатында Сергей Квактың шәкірттері Оңтүстік Корея командасымен шеберлік байқасты. Оңтүстіккореялық жасөспірімдер бір күн бұрын Дэвис кубогінің алты дүркін жеңімпазы Испаниядан басым түскен еді. Оның үстіне жастар құрамасы Шымкент қаласында өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жартылай финалында оңтүстіккореялықтарға есе жіберген.
Бірінші болып Заңғар Нұрланұлы (331 ITF Juniors ranking) Ким Му Бинмен (285 ITF Juniors ranking) кортқа шықты. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке Ким Мудың пайдасына аяқталды – 6:4, 4:6, 6:7 (3:7).
Екінші ойында Әмір Омарханов (99 ITF Juniors ranking) жасөспірімдер арасында әлемнің 68-ракеткасы Хван Дон Хёнді аса қиналмай жеңді – 6:2, 6:2.
Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай мен Әмір Омарханов 46 минутта Ким Му Бин – Чон Ён Судан айласын асырды – 6:3, 6:2.
Осылайша, D тобында әр команданың қоржынында 3 ұпайдан бар. Сейсенбіде Испания Италиядан басым түсті. Кеше Қазақстан құрамасы Испаниямен ойнады.