«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында елордалық ұжым алғашқы минуттан белсенді қимылымен көзге түсті. «Ақ барыс» қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде, небәрі 1-минутта «Барыс» хоккейшісі Понтус Оберг есепті ашты. Ал оның командалас әріптестері Джозеф Лабейт 6-минутта есепті үстемелей түссе, Давид Скленичка 14-минутта мергендік танытты.Алайда ақбарыстықтар үміттерін үзбей, керісінше қалған уақытта өте белсенді ойнады. Бірінші кезеңнің соңына таман ресейлік клуб есеп айырмасын қысқартты. Бұл голды 16-минутта Дмитрий Яшкин өзінің еншісіне жазды. Одан кейін Дмитрий Юдин – 25, 42, Дмитрий Яшкин – 40, Дмитрий Кателевский 54-минутта шайба соғып кетті. Осылайша, «Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылып, қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді. Енді «Барыс» 7 қарашада елордада «Ак Барс» командасына қарсы тағы бір ойын өткізеді. Еске салсақ, 2 қарашада «Барыс» «Автомобилист» командасынан буллиттен 3:2 есебімен басым түскен болатын.