• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 05 Қараша, 2023

Жібек – ITF турнирінің жеңімпазы

111 рет
көрсетілді

Жібек Құламбаева жұп­тық сында Тунистің Монас­тир қаласында өткен ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды

Жерлесіміз қытайлық тен­нисші Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақ­стандық-қытай­лық дуэт қарсы­лас­тарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте қарсылас жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева мен Г.Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7.

Осылайша, Ж.Құламбаева осы маусымда ITF жұптық ойынында жетінші және өз мансабындағы жалпы есепте 26-титулын жеңіп алды.