Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты», деді Берік Уәли.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны айтылды.
Еске салайық, бүгін, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болды.