Астанада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнесті ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.
Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және барлық тілек білдірушілер үшін қолжетімді. Жобаға кез келген адам қатыса алады.
«JOLTAP» жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу.