• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Қараша, 2023

Көпбалалы отбасыларға қолдау

165 рет
көрсетілді

Ұлт байлығынан балалардың болашағы үшін үлес бөлетін идея ә дегеннен әлеуметтің қолдауына ие болып, көпшілік бұл жаңа­лық­ты­ қуана қабылдады. Сондықтан Президент өзі бас болып, қолға ал­ған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасынан зор үміт күтеміз.

Аталған бастама бойынша бала іңгәлап дүниеге келгеннен бас­тап оның атына қаржы аударыла бас­тайды. Бұл қаржы 18 жасқа тол­ған­ша жинақталып, балалардың бола­шағына жолдама беруі үшін бас­пана алуға және білім алуға жұм­са­лады. Бұл ретте бір мақсаттың «білім алу» деп белгіленгені өте ма­ңызды. Өйткені балаларын оқуға тү­сіре алмай қиналып қалатын ата-аналар баршылық. Әсіресе көп­балалы отбасылар барлық бала­­сын түгел қамтамасыз етуге жағ­дайы жете бермейді. Бүгінде қо­сымша білімсіз, репетитордың кө­мегінсіз білім грантына қол жет­кізу өте қиын. Ал арнайы репе­титор жалдап, балаларының дайын­дығын күшейтуге көпбалалы ата-аналардың қалтасы көтермей жата­ды. Осындай бала-шағасы көп отбасы көбіне әлеуметтік жағы­нан аз қамтылғандар санатына кіреді. Олар үшін әлеуметтік бағ­дар­ламалардың септігі мол. Сон­дықтан да «Ұлттық қор – бала­ларға» бағдарламасы пайда бол­ған­да, ең алдымен, осы көпбалалы отбасылар үшін қуанып отырмын.

Бұйырса, келесі жылдан бас­тап бағдарламаның игілігін көре бас­тай­мыз. Бұл ретте қордың табысын арт­тыратын іс-шаралар да мықтап қолға алынатын шығар деп ойлаймын. Бұған табысын жасыратын кә­сіп­керлер де ашықтыққа көшіп, ба­ла­лардың қамы үшін көмек етуі керек.

Сонымен қатар болашақта «Ұлт­­тық қор – балаларға» бағ­дар­­­ламасы аясында жиналған қа­ра­­жаттың балалардың еміне жұм­сауға мүмкіндік берілсе екен деген тілегіміз бар. Себебі бала­ла­рының еміне ақша жеткізе алмай,­ көпшіліктен жылу жинап жүр­гендер әлі де көп. Мұндай кө­мек­ке мұқтаждардың барлығына «Қа­зақ­стан халқына» қоры жет­кі­лікті дең­гей­де қол ұшын соза алмай отыр. Осы орайда ауыр дертке ұшыраған және мүгедектігі бар балалардың емі­не қажет қаражат мәселесін қа­пер­ге алған жөн.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

«Talbesik» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі,

Ұлттық құрылтай мүшесі