• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қараша, 2023

Медиасауаттылыққа арналған науқан жүріп жатыр

186 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда отандастарымыз сәт сайын, күн сайын түрлі дерек көздерінен үлкен көлемдегі  жаңалықтар легіменен бетпе бет келіп жатқандықтан,  ақпараттардың осындай орасан көлеміне бейімделу де қиын.

Оған қоса медиасауаттылық цифрлық құзыреттіліктермен қатар кез келген интернет қолданушысы үшін қажетті дағдылардың біріне айналып келеді. Осыған орай, онлайн-кеңістіктегі хабарламаларды сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға, ақпараттық даңғазадан қорғану мен контент құруға жауапкершілікпен қарауға көмектесу үшін TikTok платформасы «Қауіпсіздік академиясы» бастамасы аясында  #Лүпілдетбірақтексер науқанын бастады.

Жаңа жобаның міндеті – платформа қолданушыларына медиасауаттылық негіздерін баяндау, оның ішінде: интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыда бағалау не үшін қажет, дереккөздердің сенімділігін қалай тексеруге болады, неліктен күмәнді контент таратпау керектігі мен адасудың құрбаны болудан қалай сақтану керектігін қарастыру.

Сонымен арнайы жоба үшін танымал TikTok креаторлары бірқатар білім беру роликтерін жазған. Оған қоса осы жобаға ат салысып отырған AlmaU Медиа және кино мектебінің сарапшылары онлайн-кеңістікте мазмұнды тұтыну мен құруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы арнайы эфирлер өткізбек.

Мысалы, 28 қарашада медиа-сарапшы және «Зиянды медиа әдеттерді өзгертеміз» жобасының авторы Бақтыгүл Бурбаева неліктен медиасауаттылық кез келген ғаламтор пайдаланушысы үшін негізгі дағдылардың бірі екенін түсіндірсе, 29 қарашада «Медиа және ақпараттық сауаттылық» әдістемелік құралының авторы Руслан Қаратабанов ақпаратты сенімді дереккөздерде қалай тексеруге, фейктердің ықпалына қалай түспеуге болатындығы туралы әңгімелейді.

«Күн сайын миллиондаған TikTok пайдаланушылары әртүрлі дерек көздерінен көптеген ақпарат алады. Біз қоғамдастық өз мүшелерінің ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуін, күмәнді дереккөздерін сүзгіден өткізуін, авторларымыздың мазмұн құруға жауапкершілікпен қарауын қалайтындықтан, «TikTok Қауіпсіздік академиясы» аясындағы төртінші жобамыз медиасауаттылық тақырыбына арналды», дейді Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok операциялық департаментінің басшысы Екатерина Блинец.

 

АЛМАТЫ