• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Қараша, 2023

Тиімді тұрақты диалог

121 рет
көрсетілді

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына орай дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Кездесуге қатысушылар Шарттың рухы мен қағидаттарына сәйкес екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сенатор Андрей Лукин біздің мемлекеттер басшылары екі­жақты ынтымақтастық пен халықара­лық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты диалог жүргізіп отырға­нын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақ­стан мен Ресей қатынастары барлық салада жоғары даму қарқынын паш етіп келеді.

«Екі мемлекеттің басшылары бел­гілеген тығыз ынтымақтастықтың жоғары деңгейі заң шығармашылығы және заң шығару институттары саласына да ықпал етеді. Қоғамдық-саяси үдерістердегі Парламенттердің маңы­зы зор екенін ескере отырып, қазақ­стан­дық тарап егемендікті өзара құрмет­теу қағидаттары мен туындайтын мә­селе­лердің ортақ шешімдерін іздестіруде Ресеймен тепе-тең диалог орнатуға ерекше назар аударады. Қазақстан бауырлас мемлекеттердің, оның ішінде Парламенттер палата­лары­ның өкілдері арасындағы тиімді парламентаралық өзара іс-қимылды дағдылы түрде жақтап келеді», деді Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар Қазақстан­да жүргізіліп жатқан реформалар туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді және Ресей Федерациясы тарапынан қолдау және ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарттың маңыздылығын атап өтті.

«Шарт екі мемлекет азаматтары­ның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын, Қазақстан мен Ресейдің орнық­ты әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге ықпал етті. Сонымен қатар бұл халықаралық-құқықтық құжат ын­ты­мақтастықтың дәстүрлі ғана емес, жаңа, жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды салаларды дамытуға арналған базаны қамтамасыз етті. Шарт халықтың денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа, экологиялық бағ­дарламаларды іске асыруға бағыт­талған бірлескен іс-қимылдарды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап өтті сенатор А.Лукин.