• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қараша, 2023

Қостанайда кран құлады

124 рет
көрсетілді

30 қараша күні сағат 15:50-де Шаяхметов көшесінің бойындағы көпқабатты құрылыс нысанында жұмыс істеп жатқан кран құлады. Кабинада 49 жастағы краншы отырған. Марқұм сол жерде қаза тапты.  

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша адам өліміне әкеп соққан сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орынында барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіледі. Кранның құлау себебі анықталып жатыр. Тергеу жүріп жатқандықтан, басы артық мәліметтер жария етілмейді», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы