• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Желтоқсан, 2023

Актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті

6449 рет
көрсетілді

Бүгін белгілі актер, режиссер, сатирик,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Әбдіғалымұлы 1965 жылдың 17 маусымында  Алматы облысы, Райымбек ауданында  өмірге келген.  Ұзақ жыл «Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының жетекшісі болды. Халық театрын жаңғыртып Алматы облысының  Райымбек, Ұйғыр аудандарында  «Хантәңірі», «Қарадала»  театрларын ашып,  төл мәдениетімізге орасан үлесін қосты.