• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Желтоқсан, 2023

Өзге елдің ұшақтары Қазақстан әуежайларына шектеусіз қонбақ

236 рет
көрсетілді

Қазақстанның әуе тасымалы нарығын  нығайту мақсатында  Көлік министрлігі  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен тізе қосып «Ашық аспан» режимін жетілдіруді қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сүйеніп.

Бұдан былай шетелдің ірі әуе компанияларының ұшақтары  Қазақстанның бірнеше әуежайына  шектеусіз аялдайтын болады.   Әрі әуе кемелерінің типтері мен қону жиілігіне қарамастан әр  бағыт бойынша шектеусіз бесінші дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуына мүмкіндік алады. Бұл қадам   әуе тасымалындағы бәсекелестік артып,  билет құнын арзандатып қана қоймай, ұшу географиясының кеңеюіне септігі тимек.  «Ашық аспан»  режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қаласының әуежайында жүзеге асырылады.