• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Желтоқсан, 2023

Маңызды келісімдер жасалды

147 рет
көрсетілді

Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара барысында қатысу­шы­лар Қа­зақ­станның бастамасымен ұйымды одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ ынты­­мақ­тас­тық­ты тәжірибелік шара­лар­мен то­лық­тыру жөніндегі ұсы­ныс­тарды қарады.

Қазақстанда өтетін ШЫҰ не­­­гіз­­гі органдары – Мемлекет бас­­шы­лары кеңесінің, Сыртқы істер минис­трлері кеңесінің отырыстарын, сондай-ақ Қауіп­сіз­дік кеңестері хатшыларының кез­десулерін сапалы дайындау бо­йынша мәселелерге басты назар аударылды.

2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ сам­митінде қол қоюға жос­пар­ланған құжат­тардың жобаларына, оның ішінде Мем­лекет басшысы айтқан «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бір­лік туралы» ШЫҰ бастамасына келісу жұ­­мыстары жүргізілді. ШЫҰ-ның қазіргі ке­зеңдегі қыз­ме­тін жетілдіру мәселесі бо­­йынша тиісті шаралар мен ұсыныстар қа­ралды.

Ұлттық үйлестіруші, СІМ Ерек­ше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Мұрат Мұқышев атқарылып жат­қан жұмыстың маңызын, сондай-ақ тиімді практикалық көпжақты өзара іс-қимыл мүддесінде ШЫҰ-ны жетілдіру мәселесі бо­йын­ша объек­тивті және өзара қо­лай­­лы шешімдерді әзірлеуде мүше мемлекеттердің сындарлы көзқарасын атап өтті. Ұлттық үй­лес­тіру­шілер Ұйымның қазіргі қызметі мәсе­ле­ле­рін, соның ішінде ШЫҰ-ның 2024 жыл­ға ар­налған негізгі іс-шаралар жос­па­рын да тал­­қы­лады.

Отырыс дәстүрлі түрде жылы шырай­лы достық ахуалда өтті. Тараптар бір­лес­­кен жұмыстың нә­ти­­желілігін, Қазақ­стан­ның ұйым­­ға төрағалық етуінің басым­дық­­­тары мен жоспарларын іске асы­­руға бағытталғанын атап көр­­с­етті.