• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Өнер 07 Желтоқсан, 2023

Димаш Қытай фильмін қазақша сөйлетті

432 рет
көрсетілді

Әнші Димаш Құдайберген Қытай мифологиясындағы ұлы тұлға «Шын-нуң» туралы деректі фильмді дубляждады. Қытайлық БАҚ өкілдері деректі фильмді дубляждау жұмысына Димаш Құдайбергеннің арнайы шақыртылғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы  әлемгі әйгілі әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді халық назарына ұсынды.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын деректі фильмде Қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген кейіпкердің ұлы тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады. 

Қытай аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» алғаш рет адамдарға, күріш, бидай өсірудің өнімді жолдарын, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. «Шын-нуң» аспан асты халқының түсінігінде адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген ғажайып тұлға. 

Димаш Құдайберген 4 минуттан асатын деректі фильмді толық өзі қазақша дыбыстап шыққан.