«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі 8 желтоқсанда сағат 23:00 мұғдарында полицияны құлағдар еткен. Полиция тобы және еріктілер оларды әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мырзакенова Манар Абайқызы 2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.
Тезекбаева Амина Иманқұлқызы 2006 жылғы, бойы 165 см. Арық, шашы қоңыр, сол жақ иығында меңі бар.
Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы 2006 жылы туған, сұр түсті спорттық киім киген.